RU

Шығыс Қазақстанда ер азамат қонақтан жалаңаш қайтқан көңілдесін сабап тастады

Риддерде азаматтық некеде тұратын отбасының оқиғасы жаға ұстатты. Әйел кешкі қонақтан жалаңаш денесіне бір күртеше киіп келгені үшін ерінен оңбай таяқ жеп, қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы YK-news.kz сілтеме жасап.

Жанжалдың басты себебі- отағасының қызғанышы. Қайтыс болған келіншектің артында 5 баласы қалды. Көзінің тірісінде әйел балаларына дұрыс қарамаған.Олар туыстарын паналап күн көрсе, тіпті 2 бүлдіршіннің ата-аналық құқығынан айрылған екен.

31 жастағы ана көңілдесімен бірге жарытып жұмыс та істемеген. Бар тапқан тиын-тебенге арақ ішіп, артынша жиі төбелеседі екен.

Қанды оқиға болатын күні келіншек балаларын тастап, танысының үйіне қонаққа кеткен. Алайда кешқұрым жалаңаш денесіне тек күртеше киіп, үйіне оралады. Қызғаныш кернеген көңілдесі әйелді бетінен жұдырықпен бір ұрып құлатып, бірнеше рет соққы жасаған. Сол жатқаннан келіншек таң атқанша қозғалмапты.

Алғашында балалары аналары ұйықтап жатыр деп ойлаған. Оқиға кезінде күдіктінің ағасы да үйде болған.  Алайда әйелді өлімші етіп сабап жатқанда «отбасылық кикілжің» деп мән бермепті. Тіпті, шала жансар әйелге көмек көрсету үшін жедел жәрдем де шақырмаған.

Қызғаныштан азаматтық некедегі әйелін ұрып өлтірген қаскөй 10 жылға темір торға қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1026632-shyghys-qazaqstanda-er-azamat-qonaqtan.html