RU

Францияда 6 миллионға жуық адам көтеріліске шықты

Францияда такси жүргізушілері, әуе диспетчерлері мен мұғалімдер жаппай ереуілге шықты. Наразылық шеруін 5,5 миллион адам қолдады деп хабарлайды 24 арна.

Мектептер жабылып, әуе байланысы уақытша жұмысын тоқтатты. Көшеде көлік кептелісі. Мыңдаған такси жүргізушілері қала орталығы мен Париждің екі басты әуежайына баратын жолдарды жауып тастады.

Шерушілер көлік жүргізушілерімен бәсекелестік туғызып отырған UBER қосымшасына тыйым салуды талап етті. Наразылық ретінде дөңгелектерді жағып, көшелерге бөгеттер қойып, қала жолдарын жауып тастады.

Жол қозғалысын ретке келтіру үшін полция қызметкерлеріне көзден жас ағызатын газ қолдануға тура келді. Тәртіпсіздік барысында 20 адам қамауға алынды.

"Біз зорлық-зомбылықты насихаттамаймыз, біз қылмыскер емеспіз. Біз өркениетті адамдармыз, заң бойынша өмір сүреміз. Адамдар бізге түсіністікпен қараса деймін, бұл жерде арандатушылық болып жатыр. Біздің үкіметімізге ештеңе қажет емес. Олардың бізге өтемақы төлегілері келмейді, біз UBER қосымшасынан көп зиян шегіп отырмыз", - дейді «Франция таксистері» сайтының президенті Ибрахим Силла.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1026678-franciyada-6-milliongha-zhuyq-adam-koteri.html