RU

Қайрат Нұртас "Абай жолын" қайталап оқудан жалықпайтынын айтты (фото)

Ауруханада ем алып жатқан Қайрат Нұртас қандай кітаптар оқып жатқанын жанкүйерлерімен бөлісті. Бос уақытын пайдалы өткізуді ұйғарған әртіс бұл қадамға оны кім итермелегенін де сөз етті.

"Халықтың адамы болған соң, сүйікті тыңда­рмандарым, сіздердің арқалараңызда көңіл­ де толысады, бақ та жанады. Бірақ, адам­ болған соң, күш сарқылмайды емес, анда-санда тайм­-­аут алып тұруға тура келеді", - деп түсіндірді жағдайын Қайрат Нұртас.

Әнші бір апта емделіп, әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне бір т­абан жақын болғысы келетінін айтты.

"Күнделі­кті жүгіріс, күйбең өмірге үйреніп қалға­н, бір апта не істеймін деп абдырап қалд­ым басында. Ләйлә Сұлтанқызы әпкем "қолыңа кітап ал да, сөйлемдерін сайраты­п оқы" деді. “По духу тебе близко” деп, Ричард Бренсонның кітабын қолыма ұстатты. Бір а­пта тәннің емі, бір апта кітаптың емі бо­лайын деп тұр. Сезімдеріммен бөлісіп оты­рамын осында", - деп жазды әнші.

Қайрат қазір "Абай жолы" кітабын қолға алғанын, осы туындыны қайталап оқи бергісі келетінін де жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1026697-qayrat-nurtas-aurukhanada-qanday-kita.html