RU

Қасқырды азаптап өлтірген ер адам желі қолданушыларын шошытты

WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы қасқырды азаптап өлтіру көрінісі бейнеленген тағы бір видеоролик әлеуметтік желілерде жарияланды деп жазады sn.kz.

Аталған бейнероликте үш ер азаматтың жыртқышты азаптап өлтіргені анық көрінеді. Олардың бірі айыр мен итінің көмегімен қасқырды бұрышқа тақаса, қалған екеуі қалай өлтіру керек екенін үйретіп тұр.

Айта кетейік, бұған дейін де интернет желісінде қазақтардың қасқырларды аяусыз өлтіріп жатқан видеороликтері жарияланған болатын.

Жануарларды азаптағандар көп ұзамай қолға түсіп, тиісті жазаларын алып жатты. Тәртіп сақшылары бұл жолы да аталған роликтің басты кейіпкерлерін тауып, шара қолдануы тиіс.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1026714-qasqyrdy-azaptap-oltirgen-er-adam-zhel.html