RU

Түркия қазақстандықтар үшін виза рәсімдеуді жеңілдетті

Түркия қазақстандықтар үшін виза рәсімдеуді жеңілдетті, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап ҚазТАГ.

«Бәріміз білетіндей, Түркия мен Қазақстан азаматтарының өзара жол жүрулері үшін бір айлық визасыз режим бар. Қазақстандағы Түркия елшілігінің ақпары бойынша 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап Түркия Республикасына жоғарыдағы визасыз жол жүруден басқа визаларды рәсімдеуге арналған (жұмыс, оқу және т.б.) өтініштер visa.gov.tr веб-сайтында орналасқан «виза өтініштерінің онлайн жүйесі» арқылы қабылданады», - делінген сәрсенбіде Facebook-тегі СІМ ресми бюетінде орналасқан ақпарда.

Министрлік ақпарынша, аталмыш жаңалық виза алуға өтініш білдірген тұлғалардың қажетті мәліметтерін жүйеге алдын-ала енгізу арқылы виза рәсімдеуді жеделдетуге әрі жеңілдетуге арналған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1027041-turkiya-qazaqstandyqtar-ushin-viza-ras.html