RU

Пуэрторикалық рэпер өлген досының мәйітімен бейнеролик түсірді (видео)

Пуэрторикалық Кинки (Kinki) есімді рэпер өзінің соңғы бейнеклипін дүниеден өткен досына арнады. Бір қызығы, әнші аталған клипке жолдасының мәйітімен бірге түскен деп жазады Skifnews.kz.

Қайтыс болған жігіттің есімі - Хенри Розарио Мартинес, ол да көзі тірісінде досымен рэп оқып, көше әндерін шығарған. Мартинес 19 қаңтар күні 31 жасқа қараған шағында жүрек талмасынан көз жұмды деп жазады PrimeraHora газеті.

Басылымның хабарлауынша, Кинки досы қайтыс болғаннан кейін оның туыстарына барып, мәйітті қоштасамын деп алып кеткен екен.

"Мартинестің ең сүйікті ісі - покер ойнау болатын. Сондықтан жаңа клипті карта столының басында түсірдік. Екеумізден бөлек бейнеролик ішінде отызға жуық адам бар, барлығына мәйіттен қорықпай, өздерін көңілді ұстауын сұрадым. Өйткені, Мартинес көзі тірісінде өте көңілді жігіт болатын", - дейді рэпер.

Бейнеклип түсірілімі аяқталғаннан кейін Мартинестің денесі өзінің туған қаласында жерленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1027179-puertorikalyq-reper-olgen-dosynynh-ma.html