RU

Автокөліктерін сақтандыратын қазақстандықтардың қатары қысқарып жатыр

Темір тұлпарларын сақтандыратын қазақстандықтардың қатары азайып барады. Бұл туралы 19 мекемеге жасалған шолудан белгілі болдыдеп жазады Алматы арнасы.

Өткен он екі айда сақтандыру сыйақысының көлемі 196 млрд теңгеге бір-ақ жетіпті. Бұл 2014 жылға қарағанда 11 пайызға көп көрсеткіш екен. Міндетті сақтандыру бойынша нарық 13 пайызға өссе, ерікті жылжымайтын мүлігін сақтандырғандар 10, ал жеке басын қорғап қойғандар саны 42 пайызға жуықтаған.

Десе де, жазатайым оқиғалардан сақтандыру жарнасы 42 пайызға төмендеп кеткен. Былтыр барлық сақтандыру түрлері бойынша сыйақы төлемі 60 млрд теңге болды. Осылайша, 2014 жылмен салыстарғанда 26 пайызға өсім көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1027204-avtokolikterin-saqtandyratyn-qazaqs.html