RU

Алматыда өрттен өзінің 2 қарындасы мен інісін құтқарған бесінші сынып оқушысы марапатталды

Алматыда үш баланы өрттен құтқарғаны үшін 11 жасар Данияр Сатыбалды «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталады деп хабарлайды  ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазТАГ.

«2016 жылдың 2 қаңтарында Ұлжан-1 ықшамауданындағы №152 мектеп-гимназияда үш адамның өмірін құтқаруда танытқан ерлігі үшін  5 класс оқушысын «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісімен марапаттау салтанаты өтеді», - делінген сәрсенбіде таратылған ақпарда.

Хабарда айтылғандай, Данияр Сатыбалдының дер уақытында қорықпай әрі батыл қабылдаған шешімдерінің арқасында үш бала аман қалған. ҚР ішкі істер министрінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы бұйрығымен ол «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Еске салсақ, 2015 жылдың 29 қарашасында сағат 12.04-те жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен. Үйде Данияр Сатыбалдыдан басқа оның екі қарындасы мен 3 жасар інісі болған. Бөлмеге жүгіріп келген бала терезені сындырып, балаларды үйден алып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1027237-almatyda-ortten-ozininh-2-qaryndasy-men.html