RU

Канадалық журналист көзінің орнына камера орнатып алды (фото)

Канадада көзінің орнына шағын камера орнатқан журналист тұрады. Қазір ол өзін киборг сөзіне ұқсатып, Eyeborg деп атауда.

Тоғыз жасында болған оқыс оқиға салдарынан бір көзінен айырылған журналист және режиссер Роб Спенс жанарының орнына камера орнату идеясын іске асыру үшін көп уақыт пен қажыр-қайратын жұмсапты деп жазады 24.kz.

Қазір ол өзін «екі жұмысты бір кезде атқаратын тілшімін» дейді. Сөйтсе, Роб телеарна үшін сұхбат алуға барған кезде түсірілім тобынсыз, көзіндегі камераның көмегімен бейнероликті түсіре береді екен. Бірақ, әзірге көз-камера жұмысы жетілдірілмеген. Сол себепті шағын аппарат тоқтаусыз 3 минут жұмыс істеген соң қызып кете береді, деп жазады Mirror.

Жалпы көз орнына техниканы орнату идеясын Роб компьютерлік ойынның кейіпкерінен көріп алған. Спенстің ойылған оң көзі жүйкемен жалғанбағандықтан, мүлде көрмейді.

Қазір канадалық журналист камера кіріктірілген көзін қарапайым көзден ешбір ерекшеленбейтіндей ету үшін жұмыс істеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1027269-kanadalyq-zhurnalist-kozininh-ornyna-k.html