RU

Атақты Майкл Джексонның ролін сомдайтын актер белгілі болды

Британиялық актер Джозеф Файнс атақты әнші Майкл Джексонның ролінде ойнайтын болды. Ол көрермен қауымға «Влюбленный Шекспир» фильмі бойынша танымал Billboard-қа сілтеме жасап , деп жазады 24.kz.

Фильмді түсіруді Sky Arts компаниясы қолға алған. Сюжет бойынша 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі терактілерден соң Джексон актер Марлон Брандо және актриса Элизабет Тейлормен Нью-Йорктен өзге жерге кетуді ұйғарады. Сол кездері әуе қатынасы жабық болғандықтан, әртістер жалға көлік алып, жолға шығады.

Жалпы картина 2011 жылы Vanity Fair басылымында шыққан мақалаға негізделеді. Бірақ, артынша ол мақаланың расында болған оқиға екендігіне күмәнданушылар қатары көбейді.

Ал Файнстың өзі фильмге қатысты былай дейді: «Мен сценарийді оқып шықтым. Негізінен бұл комедия. Оның барысында жұлдыздарды өзге қырларынан тануға болады».

Сондай-ақ ол картинаның Джексон, Брандо және Тейлор арасындағы қарым-қатынасты сипаттайтынын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1027282-ataqty-maykl-dzheksonnynh-rolin-somday.html