RU

Көкшетауда әжетхананың лас суымен қоректенген балықтар базарда сатылған

Көкшетауда қаланың шайынды суы құйылатын Мырзакөлде балық аулағандар ұсталды. Нәжіспен қоректеніп әбден семірген балықтарды олар базарға апарып саудалапты деп хабарлайды КТК арнасы.

Мырзакөлдегі балықты асқа пайдалануға болмайды. Өйткені ол 150 мың тұрғыны бар Көкшетаудың кәріз құбырынан ағатын шайынды судан пайда болған. Бірақ балығы семіз деп заңсыз ау салатындар көп. Қақаған қаңтарда мұзды ойып, бірнеше шақырымдық ауды тартуға үйреніп алғандар оның аязда қатып қалмауын да қаматамасыз етіпті.

3 азамат 40 келі балығымен ұсталып отыр. Су жәндіктерін олар жергілікті базарларға өткізіпті. Тәртіп сақшылары сауда орындарынан жүздеген келі Мырзакөл балығын тәркілеген.

Мамандар нәжіс толы судан ауланған арам балықтардың ағзасында ауыр металдар барын да анықтапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1027353-kokshetauda-azhetkhananynh-las-suymen-qo.html