RU

Бұрын-соңды болмаған тәжірибе жүргізбекші болған норвегиялық су астында өзін атып тастады (видео)

Андреас Валь атты ғалым бұрын-соңды болмаған тәжірибе жүргізуге бел шешті. Бұл үшін ол судың астына түсіп, арнайы бекітілген жауынгерлік винтовкадан өзін өзі атты деп жазды 24.kz.

Жаужүрек жігіттің сынақты өткізу барысы бейнеленген ролик ғаламторда жарияланды. Роликке көз жүгіртсек, бассейн түбіне орнатылған SIG SG 550 маркалы мылтық пен Вальдің тұрған арақашықтығы шамамен 3 метрдей жер болады. Винтовкаға қарсы тұрған ол, шүріппеге тағылғын жіпті тартып қалған кезде оқ атылып кетті.

Бірақ, бұл оқ ғалымға тигені былай тұрсын, тіпті оған жетпестен жарты жолда тоқтап, бассейннің түбіне құлады. Бұған атыстан кейін кинетикалық энергияның бірден төмендеуі себеп болған екен.

Себебі су ауаға қарағанда, құрылысы жағынан едәуір тығыз болып келеді. Атылған оқ жылдамдығының баяулайтыны да соған байланысты. Ал бұл адам үшін қауіпсіз, деп жазады planet-today.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1027748-buryn-sonhdy-bolmaghan-tazhiribe-zhurgiz.html