RU

АҚШ-та кәмелетке толмаған оқушысын бүлдірген мұғалім әйел ұсталды

АҚШ-тың Невада штатында күйеуі бар мұғалім әйел жасы кәмелетке толмаған оқушысын бүлдірді деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы The Daily Mail ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Оқиға Невада штатының Лас-Вегас қаласында орын алған.

«Лас-Вегаста мұғалім әйел коррекция сыныбында оқитын оқушысымен секс жасасып жатқан кезде қолға түсіп қалды», – делінген хабарламада.

Полиция хабарлағандай, 25 жастағы Джиллиан Лафейф мектептің 16 жасар оқушысы Валлей Хиг Шульмен жыныстық қатынас жасасып жатқан кезінде ұсталған. Ал мұғалиманың өзі мұны мойнына алғысы жоқ.

Тәртіп сақшылары оқытушы мен жеткіншек арасында жазылған 13 мыңнан астам хабарламаны да қолға түсірген. Олардың ішінде эротикалық сипатта жазылғандары да аз емес екен. Бұл үшбу хаттарда олар бір-бірлерін «мама» және «ұлым» деп атайды.

Оқушы бала сонымен қатар әлеуметтік желіге өзінің мұғалім әйелмен бірге түскен көптеген суреттерін жариялап үлгеріпті. Оқушы бала полицияға өзінің Лафейвті сүйетінін айтқан.

Басылым ақпары бойынша, мектепте ағылшын тілінен сабақ беретін әйелдің әкесі осында дене шынықтыру пәнін жүргізеді екен.

«Осының бәрі өте қайғылы, себебі, балаларың тым болмаса оқу орнында қауіпсіз ғой деп ойлап, алданып жүресің», – деді Валлейдің анасы Ракель Мартинес.

Мұғалім әйел 16 қаңтар күні қамауға алынды. Ал наурыз айында осы іс бойынша алғашқы сот отырысы өтеді.

Өткен жылы АҚШ-тың Флорида штатында 17 жасар үш оқушыны осылай азғындыққа түсірген мұғалім әйелдің соты өтті. Судья бұзылған әйелді 22 жылға соттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1027804-aqsh-ta-kameletke-tolmaghan-oqushysyn-bu.html