RU

Африка елдерінің мемлекет басшылары 2016 жылы Қазақстанға келмекші

Африканың бірқатар елдерінің мемлекет басшылары Қазақстанға 2016 жылы сапарлауды жоспарлауда деп хабарлады республиканың СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.

Ведомствода хабарлағандай, алда 29-31 қаңтарда Аддис-Абебада Африкалық Одақ саммиті өтеді. Онда Қазақстан бақылаушы мәртебесіне ие болады.

"Биыл Қазақстан бірқатар мемлекет басшылары мен солтүстік және батыс Африка елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының елге сапарын күтіп отыр", - делінген хабарламада.

Эфиопия астанасына АО саммитіне Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаевың басқаруымен қазақстандық делегация қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1028024-afrikanynh-birqatar-elderininh-memlek.html