RU

73-тегі ресейлік тележүргізуші студенттерінің алдында әдемі көріну үшін бетін "тарттырып" тастады

Жасы бүгінде 73-ке келген, аты аңызға айналған ресейлік тележүргізуші Ангелина Вовк бетіне пластикалық ота жасатты. Бұл туралы Starhit порталы дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

Тележүргізуші бұл процедураны студенттері алдында әдемі көріну үшін жасатқанын мойындады.

Ангелина Вовк бұдан екі апта бұрын пластикалық хирургия клиникасына бірінші рет келген. Сол жерде оған бес түрлі процедура ұсынылған. Олардың арасында бетті отасыз тарту, контурлы пластика жасау және ботокс екпесін салу бар. Емханада сондай-ақ беттің суретін түсіріп алып, фотошоп арқылы нәтиженің қалай болатыны тексерілген.

Бұрнағы күні Вовк бірінші процедурасын өткізді. Ол ультрадыбысты лифтинг деп аталады.

«Мен салауатты тұрмыс салтын ұстанамын. Дұрыс тамақтанамын. Әрбір таңды бидай дәндері салынған жөке ботқасын жеуден бастаймын. Күніне екі литр су ішемін. Менің анам өмір бойы өзін бір қалыпта ұстаған адам еді. Мен содан үлгі алдым», – деді Вовк.

Жүргізуші сонымен қатар студенттері мен немерлерінің алдында әдемі көріну үшін ота жасатқанын мойындады.

«Жасты жасыруға болмайтынын жақсы түсінемін. Мұның өзі ақымақтық болып шығар еді. Бірақ мен өзімнің 73 жасымда өзімді жас сезінемін, бойымда қуатым жетерлік. Бұған қоса, мәдениет институтында шешендік өнерден сабақ беремін. Сондықтан өзімнің студенттерімнің, сондай-ақ немерелерім 14-тегі Ангелина мен 13-тегі Аннаның алдында әдемі көрінгім келеді. Бұлар – менің өкіл балаларымның қыздары», – деді атақты тележүргізуші.

Ангелина Михайловнаның өз балалары болған жоқ. Сондықтан өкіл қыздарының балаларын немере санайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1028061-zhasy-73-ke-kelgen-reseylik-telezhurgizush.html