RU

Ғани Қасымовтың жылтыр тоны ғаламтор қолданушыларының қызу талқысына түсті (фото)

Ғани Қасымовтың көз сүрінер көрікті тоны Іnstagram  қолданушыларының қызу талқысына түсті.

Жазылушылардан мұндайды күтпеген Ғани Қасымов суреттің астына пікірін қалдырды.

"Түк түсінсем бұйырмасын, біз сайлауды сөз етеміз бе әлде менің киімімді ме?", - деп таңданды саясаткер.

Белгілі болғаны, қоғам қайраткері бұл суретін парақшасынан алып тастаған, кейіннен жазылушылардың өтінішінен соң, Қасымов фотосын қайта салған.

"Екі күн бұрын бұл суретті алып тастағанмын. Бірақ, үстімдегі тон 1,5 мыңнан аса лайк жинапты. Тіпті мен де мұндай көрсеткішке жете алмағам, ал тоным алдымды орап кетті. Тоным чемпион болды. Осындай да болады екен-ау", - деп жазды саясаткер.

Осыған байланысты, пікір қалдырушылардың дені тонның Қасымовқа жарасып тұрғанын айтып, кейбірі сатуға да ұсыныс жасауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1028124-ghani-qasymovtynh-ademi-tony-ghalamtor-q.html