RU

Қарағандыда пәтерде от жағып ойнаған екі сәби иістен шетінеп кетті

Қарағандыда пәтерлердің біріннен өрт шығып, үй ішінде болған екі бала иіс тиіп қайтыс болды.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Алдын ала жасалған болжам бойынша, үш және бес жастағы ұл мен қыз бала от жағып ойнаған. Басында олар отырған кереует бықсып жанса керек. Балалар қорқып, жуыну бөлмесіне тығылған.

Түтіннің исін сезіп, балалардың жылағанын естіген көршілер есікті балталап жүріп, әрең дегенде бұзыпты. Бірақ қою түтіннен ішке кіре алмаған.

Осы уақытта жедел жеткен өрт сөндірушілер балаларды ванна бөлмесін алып шығады. Алайда қатты иістенген сәбилер ауруханада шетінеп кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1028379-qaraghandyda-paterde-ot-zhaghyp-oynaghan.html