RU

Электронды темекі келіншектің көзін ағыза жаздады (фото)

Электронды темекі 2 баланың  анасы атанған ағылшындық келіншектің қолында тұрып жарылып кеткен. Отқа оранған құралдың жарқыншақтары көзінің маңайына қадалғанымен, қарашығына тимепті.

Әйелдің сөзінше электронды темекісі іске қосылмай қалған соң ол қуаттағышын ауыстырған.

«Менің есімде қалғаны қою түтін, сосын жарылған дауыс. Себебі, соққы бетіме тиді. Есімді жисам, көзімнің алдынан қан кетіп жатыр екен. Қолыма қарасам алақаным күйе, ал темекіні ұстаған саусағымның терісі жыртылып кеткен», - дейді Кибри.

Дәрігерлер науқастың халі ауыр деп оны ауруханаға жатқызған. Себебі, жарылған электронды темекі келіншектің қабағын оңдырмай жарақаттаған.

Ақ халаттылар 2 сағаттық ота жасап, бөлінген теріні қайта қалпына келтірді. Дәрігерлердің сөзінше, электронды темекіден зардап шеккен бұл бірінші ағылшындық емес. Бұған дейін де осы бұйымға әуестеніп, табактан бас тартқан жігіттің өкпесі күйіп кеткен.

Тіпті, Гарвард университетінің ғалымдары аталған бұйым темекіні қоя алмай жүргендерге көмектеспейді, керісінше тыныс алу жолдары үшін өте қауіпті деген тұжырымға келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1028481-elektrondy-temeki-kelinshektinh-kozin.html