RU

Моңғолиядағы бүркітші қазақ қызы АҚШ телеарнасына сұхбат берді

Моңғолияның Алтай аймағында тұратын Айшолпан есімді бүркітші қазақ қызы АҚШ телеарналарының біріне сұхбат берді.

Әкесімен бірге телебағдарламаның қонағы болған қазақ қызы өзінің неліктен бүркітші атанғысы келгенін айтады деп хабарлайды ztb.kz.

Ал Айшолпанның әкесі болса, ата-бабамыздан келе жатқан бұл дәстүрді қызының да қызыққаны үшін қуанышты екенін жасырмаған.

Бағдарламада қонақ болған Айшолпан мен оның әкесі қазақтың ұлттық киімдерін киіп барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1028532-monhgholiyadaghy-burkitshi-qazaq-qyzy-aqsh.html