RU

"Қазақ хандығы" туралы сериалдың түсірілуіне Путиннің сөзі себеп болған (фото)

Қазақ хандығы туралы сериалды түсіруге Владимир Путиннің сөзі себеп болған. Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Қазақ елі» сериалының продюсері Владимир Путиннің 2014 жылы өткен «Селигер» форумында айтқан сөзі фильмді түсіруге итермелегенін айтты.

«Естеріңізде ме, Путин қазақтарда ешқашан мемлекет болмағанын, кейін Назарбаев құрғанын айтып еді ғой. Бұл біздің сериалды түсірумізге үлкен себеп болды», - дейді Арман Асенов.

Фильмнің режиссері Рүстем Әбдірашевтың айтуынша, қазақ хандығы туралы сериал жас ұрпаққа өз елінің тарихын терең ұғыну үшін жол ашады.

Фильмнің премьерасы 2016 жылдың наурызына жоспарланған.

2014 жылы жастармен өткен «Селигер» форумында Владимир Путин Қазақстанды экономикасы жөнінен ТМД аумағындағы Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші мемлекет екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1028554-qazaq-khandyghy-turaly-serialdynh-tusir-2.html