RU

Маңғыстау облысында жолаушылар пойызы мен газ тасымалдайтын көлік соқтығысып қалды (фото, видео)

Маңғыстау облысында пойыз бен газ тасымалдайтын көліктің соқтығысуы салдарынан жүргізуші қайтыс болды деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.

«28 қаңтар 16:30-да Маңғыстау облысының Сай-Өтес-Бейнеу учаскесінде №6 разъезд ауданындағы күзетілмейтін өткелде газ тасымалдайтын көліктің Маңғыстау-Алматы бағытындағы № 377 жолаушылар пойызымен соқтығысты", — делінген хабарламада.

Машинистің айтуынша, көлік теміржол өткелінде тұрған, бірақ оның жүргізушісі пойызға жақын жерде қозғалысын бастаған. Машинист шұғыл тежегішке басқанымен, ара-қашықтық  тым жақын болған.

Газ цистернасын тасымалдаған көлік "ҚарақұдықМұнайГаз" АҚ-ның иелігінде.

 

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1028757-manhghystau-oblysynda-zholaushylar-poyy.html