Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Динара Қырықбаева ана атанды

Опубликовано:

Белгілі әнші Динара Қырықбаева тұңғыш рет ана атанды.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жария етті.

"Бүгін 28 қаңтарда біз Олжас екеуміз ең әдемі қыз баланың  ата-анасы атандық! Мені өмірге әкелген әке-шешеме рақмет! Маған әрқашан қолдау көрсеткен сүйіктіме, жолдасымның ата-анасына, достарыма, туған-туыстарыма рақмет. Біздің ең бақытты күніміз! Аллаға шүкір", - деп жазды әнші өз парақшасында.

Сол арада әншіге өзінің өнердегі әріптестері де сәбиінің дүниеге келуімен құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1028758-anshi-dinara-qyryqbaeva-tunhghysh-ret-ana/

pixel