RU

Еліміздің бас мұғалімі 12 жылдыққа ауысқан кезде, бала бірінші сыныпқа неше жастан барады деген сұраққа жауап берді

Еліміздің бас мұғалімі, 12 жылдыққа ауысқан кезде, бала бірінші сыныпқа неше жастан барады деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды КТК арнасы.

"Бірінші сыныпқа барам десе, 6 жасар бала 1-ші сыныпқа барады. Дайындық сыныбына барам десе де сондай мүмкіншілігі бар. Сондықтан ата-аналар өздері шешеді", - дейді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

12 жылдық демекші, Білім министрлігі наурыз айында осы жүйеге көшудің жолымен таныстырмақ. Яғни, бастауыш сынып оқушыларының кітабы, оқу кестесі жаңартылады деген сөз.

Сонымен бірге биылғы түлектерді де кезекті реформа күтіп тұр. Көктемнен бастап облыстарда 11 сынып оқушылары тестті тәжірбие ретінде интернет арқылы онлайн режимде тапсырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1028814-elimizdinh-bas-mughalimi-12-zhyldyqqa-auys.html