RU

Құтқарушылар құздың басында ұзақ тұрып қалған қойды аман алып қалды

Жануарларды қорғау ұйымының құтқарушылары тік құздың ортасында қалған қойды аман алып шықты. Оқиға Ұлыбританияда тіркелді деп хабарлады 24 арна.

Мамандардың айтуынша, Шопан ата түлегі мұнда бірнеше күн тұрған. Оны жергілікті тұрғындар байқапты.

Бірақ жануардың биік жартасқа қалай тап болғанын әзірге ешкім түсіне алар емес. Оны құтқару операциясы бақандай бірнеше сағатқа созылды. Бұл істі жылдам жүзеге асыруға аяқ астынан төпелеген жаңбыр мен ауа райының күрт суытуы әжептәуір кедергі тудырған.

Қойға ешқандай зақым келмеген, бірақ қатты ашығып қалыпты. Жерге түскен бетте бірден шөпке бас қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1028957-qutqarushylar-quzdynh-basynda-uzaq-tur.html