RU

60 жылдық тарихы бар "Қазақконцерт" бірлестігі еш пайдасы жоқ деген желеумен жабылып қалды

60 жылдық тарихы бар «Қазақконцерт» бірлестігі өз жұмысын тоқтатты. Билік айтқан басты себеп: өнердің майын ішіп, жілігін шаққан әртістер қарашаңырақ қазынасына осы күнге дейін еш пайда әкелмеген.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

"Нерентабельный дейді ғой, ол пайдасы жоқ деген сөзбенен біз  қысқартылып, жабылып отырмыз. Бізге айлық бере алмай жатырмыз дейді. Ал бірақ бізге бере алмай жатқан айлығын  айтыңызшы Роза, нерентабельный ма? Қызық емес пе, қызық. МузАРТ қызық емес пе, қызық,  халыққа керек. Әлқиссамыз да керек. Әлқисса деген бүкіл қалада екеу-ақ фольклорлық ансамбль бар", - дейді Ералхан Әбіш.

Бүгінгі таңда аталмыш мекеменің 80-нен астам өнер иесі жұмыссыз қалды. Соңғы уақытта кедейшілік дәуірді  бастан өткеріп жатырмыз деген Қазақконцерт бірлестігі қызметкерлеріне тіпті алты айлап жалақы да бермеген кездері болған.

Өнер ордасы Алматыда жабылғанымен Астанада қайта ашылуы мүмкін. Алайда, оның қашан жұмыс істейтіні белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1029012-60-zhyldyq-tarikhy-bar-qazaqkoncert-birl.html