RU

Астаналық полицейлер толғақ үстіндегі әйел мен сәбидің өмірін құтқарып қалды

Астана қалалық ІІД ЖПҚ жол-патрульдік полиция полкінің инспекторлары толғақ үстіндегі әйелдің өмірін құтқарып қалды деп хабарлайды  ІІД баспасөз қызметінен.

"Олар болашақ ана мінген көлікке эскорт ұйымдастырды. Соның арқасында әйел ауруханаға уақтылы жеткізілген",- делінген хабарламада.

26 қаңтарда түнгі сағат 3  шамасында Бөгенбай батыр даңғылы ауданындағы «Ырғыз-151» көлік патрулінің құрамында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қорғау бойынша қызмет жүргізіп жүрген Астана қалалық ІІД ЖПҚ ЖПП полкінің полицейлері — полицияның кіші сержанты Бекзат Айдаров пен қатардағы қызметкер Асхат Қасымовқа жеңіл көліктің жүргізушісі келді.

Ол жолда апасының толғағы басталып, оны дереу перзентханаға жеткізу қажет екенін хабарлады. Ер адам медициналық мекемеге барар жолды білмеген, себебі елордаға Ақмола облысындағы Астраханка ауданының Первомайка ауылынан  таяуда ғана көшіп келген.

Кіші сержант Айдаров пен оның әріптесі жағдайды тез бағалап, болашақ ананы медициналық мекемеге апару туралы шешім қабылдады. Ол үшін дабыл құрылғыларының көмегімен жүкті әйел отырған көлік үшін жолда кедергісіз жүру шарасы ұйымдастырылды. Инспекторлар әйелді  №2 Перинаталдық орталыққа дейін жеткізіп, оны дәрігерлерге тапсырды.

"Әйел сәтті босанды. Ол дүниеге үшінші қызын әкеліп, оның есімін Вероника деп қойған. Әйелді босандырған медициналық қызметкерлердің пікірінше, жаңа туған нәресте мен анасының өмірін бірнеше минут қана сақтап қалған", - деп қорытындылады баспасөз қызметінен.

Перзентханадан шыққан кезде 37 жастағы Александра Карасева мен оның ағасы бұл шұғыл жағдайда өмірлік маңызды көмек көрсеткен полицейлерге алғысын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1029312-astanalyq-policeyler-tolghaq-ustinde.html