Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғаламтор қолданушылары Бауыржан Ибрагимовтің бойжеткеннен кешірім сұрағанына сүйсініп қалды

Опубликовано:

 Танымал қазақстандық әртіс Бауыржан Ибрагимовтің өзі балағаттаған қыздан кешірім сұрап, гүл сыйлаған сәті видеоға түсіп, ғаламторда жарияланған соң, желі қолданушылары әртісің бұл әрекетіне сүйсініп қалды.

"Бауыржан-шоу" театрының негізін қалаушы әртіс Бауыржан Ибрагимов қонақүйдің әкімшісі болып қызмет атқаратын бойжеткеннен ағат кеткені үшін кешірім сұрап, гүл сыйлаған еді.

Аталмыш видеоны бір тәуліктің ішінде 30 мыңнан аса ғаламтор қолданушылары тамашалап үлгерген және әртісің қателігін мойындағанын ерлікке бағалаған.

"Нағыз еркекке тән іс", - деп жазады Ринат Сейтешов. Ал Айгүл Айтжанова есімді қолданушы Ибрагимовтің абыройына нұқсан келгенін, жұлдыздарға кейде қарапайым қалпына оралғаны жөн екенін алға тартады.

Естеріңізге сала кетсек, Бауыржан Ибрагимовтің кешірім сұраған видеосын әлеуметтік желіге әріптесі Ұлан Нүсіпәлі жариялаған болатын.

Видеода Ибрагимов қонақүй басшылығынан оқиғаны камераға түсірген жас жігітті жұмыстан шығармауын өтінгені де анық көрсетілген.

Айта кетейік, танымал шоумен Бауыржан Ибрагимовтің қонақүй қызметкерін балағаттаған видеосы ғаламторды шарлап кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1029338-ghalamtor-qoldanushylary-bauyrzhan-ibr/

pixel