RU

Барак Обама өзінің еврей екенін айтты

АҚШ президенті Барак Обама заманауи антисемитизмнің алдында өзін және бүкіл америкалықтардың еврей екенін қорықпай айта алатынын мәлімдеді.

Президенттің бұл сөзін The New York Times газеті басып шығарды деп жазады sn.kz.

«Біз барлығымыз еврейміз. Өйткені, антисемитизм - сүзгіден өткен жауыздық, ол адамзат тарихының көптеген қабатынан өтіп, бүгінгі күнге жетті. Егер біз оған қарсы тұра алмасақ, онда ешқандай қауіп-қатерге, зұлымдыққа қарсы тұра алмаймыз», - деді Обама Израиль елшілігіндегі Холокост құрбандарын еске алуға арналған шара барысында.

АҚШ президенті сондай-ақ, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерлікпен көзге түскен еврейлердің оқиғаларын айтып, оларды мәңгі құрмет тұтатынын жеткізді. Атап айтқанда, 1945 жылы немістер лагерінде жүздеген еврейді өлімнен құтқарып қалған сержант Родди Эдмондсты Обама ерекше атап өтті.

Тарихты айтып болғаннан кейін АҚШ басшысы Израильге қолдауды ешқашан тоқтатпайтынын да жеткізді. Бұл сөзге разы болған Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху болса АҚШ-ты ең сенімді серігі әрі досы деп атап көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1029376-barak-obama-ozininh-evrey-ekenin-aytty.html