RU

Назарбаевтың рөлін сомдаған актер депутат болуы мүмкін

«Елбасы жолы» фильмінде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдаған актер Нұрлан Әлімжанов «Нұр Отан» партиясының тізімімен мәжіліс сайлауына қатысуы мүмкін, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының ХҮІІ съезді өтуде. Съездге партия төрағасы, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.

Саяси жиын партияның сайлауалды бағдарламасы мен партиялық тізімін жариялайды деп күтілуде. Мәжіліс сайлау үшін түзілетін тізімге 127 адам енгізіледі деп жоспарлануда. Олардың арасында боксшы Серік Сәпиев, актер Нұрлан Әлімжановтың да есімдері аталуда.

Сонымен қатар, әнші Жанар Дұғалова да депутаттық сайлауға түсетінін хабарлағанбыз.

Съезд жұмысына сондай-ақ, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин де қатысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1029392-nazarbaevtynh-rolin-somdaghan-akter-de.html