RU

Назарбаев экономикадағы нақты жетістіктерге "Нұр Отанның" жетекшілігі негіз болғанын айтты

"Нұр Отан" партиясы Қазақстан халқына берген уәдесі мен алға қойған мақсаттарын "мерзімінен бұрын" орындады деп мәлімдеді бүгін Астанада өтіп жатқан партияның 17-құрылтайында президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл туралы Азаттық хабарлады.

Қазақстан экономикасы мен қоғамдағы нақты жетістіктерге "Нұр Отанның" 17 жылдық жетекшілігі негіз болғанын" айтқан Назарбаев осы уақыт аралығында экономиканың жалпы көлемі "23 есеге артқанын" жеткізді.

"Соңғы алты жылда экономиканың жаңа 28 саласы пайда болды. 890 жаңа өнеркәсіп орны жұмысын бастады. 17 жылда жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі 20 есеге көбейді", - деді Назарбаев.

Құрылтайда "Нұр Отан" партиясының сайлауалды бағдарламасы мақұлданып, 20 наурызда өтетін ерте парламент мәжілісі сайлауына үміткерлердің партиялық тізімі бекиді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1029486-nazarbaev-el-ekonomikasydaghy-naqty-zh.html