RU

Алматыда кәмелетке толмаған 4 қыз бала жезөкшеліктен босатылды

2015 жылы Алматылық полицейлер жезөкшеліктің ұясы болған 55 қонақ үй мен пәтердің жұмысын тоқтатқан. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, total.kz хабарлады деп жазады Skifnews.kz.

Сондай-ақ, жезөкшелікпен айналысу фактісі бойынша 34 қылмыстық іс тіркелсе, жезөкшеліктен кәмелетке толмаған 4 қыз босатылған.

Ал, қозғалған істердің нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 15 млн теңге айыппұл өндірілген. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармас бастығының сөзінше, "Қоғамдық орында көпішіліктің мазасын алды" деген айыппен 318 жеңіл жүрісті қыз 3 млн теңгедей айыппұл төлеп құтылған.

Қазіргі кезде көші-қон полициясы мен анықтау басқармасының қызметкерлері бірлесіп, қаладағы кейбір аудандарда жедел іздестіру және алдын-алу шараларын жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1029556-almatyda-tungi-kobelekterdinh-uyasy-bo.html