RU

10 жыл бойы үздіксіз лоторея ойнаған Қытай қазағы ойда-жоқта миллионер атанды

Қытайдың Алтай аймағы Қаба ауданында 26 қаңтар күні «Игілік» ұтыс лотореясының «Қос түсті шар» сыйлықты билетінен бір қазақ азаматы қомақты қаржы ұтып алды.

Қандасымыздың ұтып алған сыйлық сомасы 10 759 612 юаньды құрайды, деп хабарлайды Қамшы порталы алтайлық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Қомақты ұтыс иеленген 40 жастан асқан лоторея әуесқойы 10 жылдан бері үздіксіз лоторея ойнап келген. Ұтыс шыққан лоторея сандары оның отбасы мүшелерінің туған ай, күнімен құрамдас болып шыққан. Ұтыс сомасын теңгеге шаққанда 559499824 теңгені құрап отыр. Доллармен есептегенде бұл сома 1543448 долларды құрайды.

Осының алдында, 14 қаңтар күні Алтай аймағының Бейтүн қаласында тағы бір лоторея әуескері осы лоторея билетінен 10 620 158 юаньдық сыйлыққа ие болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1029597-10-zhyly-boyy-uzdiksiz-lotoreya-oynap-kelg.html