RU

Назарбаев: Сырттан бақыт іздегеннің ешқайсысының баянды болғанын көрген жоқпын

«Нұр Отан» партиясының XVII съезіне төрағалық еткен президент Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлерді сырттан бақыт іздемей, елдің игілігіне қызмет етуге шақырды деп хабарлайды 24.kz.

Партияның 2021 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының өзегі Ұлт жоспарына құрылған. Онда дағдарысқа қарсы шаралардан бастап үнемдеуді үйрену, мұнайға тәуелділіктен арылу, жекешелендіру науқанына қатысу сынды мәселелер түгел қамтылған. Әсіресе, мүлікті заңдастыруға елбасы ерекше тоқталды. Кәсіпкерлерді сырттан бақыт іздемей, елдің игілігіне қызмет етуге шақырды.

"Байлық та, бақыт та, өмір де өз еліңде. Сырттан бақыт іздегеннің ешқайсысының баянды болғанын көрген жоқпын. Қанша миллиардер болсаң да. Қызықтың бәрі өз еліңде. Өз бала-шағаңның жанында. Туған елің саған барлық жағдайды жасап берді, кәсібіңді қолдады, елдің экономикасын көтересіңдер", - дейді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1029637-nazarbaev-kasipkerlerdi-syrttan-baq.html