RU

22 баланы сатқан қытайлық өлім жазасына кесілді

Қытайлық Тань Юнчжи бала сату бизнесімен айналысқаны үшін өлім жазасына ал оның серіктестері ұзақ мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Бұл туралы Диапазон басылымына сілтеме жасап Skifnews.kz жазады.

Елдің оңтүстік-шығысындағы Юньнань аймағындағы кедей отбасылардың балаларын сатып алып, орталықтағы Хэнань қаласына әкеліп сатқан. Бала сатушы отбасыны таппай қалған қылмыстық топ мүшелері елді мекендердегі балаларды ұрлап кетіп отырған.

Бала сату Қытайда табысты кіріс көзі екен. Ұл балалардың бағасы 6 мың долларға жетіп жығылады. Ал, қыздардың құны әлдеқайда төмен. Балалары жоқ бай отбасылар мен адам ағзасын саудалайтын "қара хирургтар" бала сатушылардың тұрақты тұтынушылары болып табылады.

Қытай прокуратурасының мәліметінше 2012 жылы бала сату фактісі бойынша 1918, ал 2015 жылы 853 іс қозғалған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1029690-22-balany-satqan-qytaylyq-olim-zhazasyna.html