RU

Экс-депутат парламентте "жұлдызды депутаттардың" жұмыс істеуінің қажеті жоқ деп санайды

Қазақстан мәжілісінің бұрынғы депутаттарының парламентте әншілер мен спортшылардың қажеттілігі жөніндегі пікірі бір жерден шықпады.

Мәселен, Абай Тасболатов, жоғары заң шығарушы органда "жұлдызды депутаттардың" жұмыс істеуінің қажеті жоқ деп санайтынын Қазақстан жаңалықтары хабарлады.

"Мен мұндай қажеттілікті көріп отырған жоқпын. Біріншіден, тәжірибе қажет. Ол — әнші. Әрине оны жастар жақсы көреді. Парламентте заңдарды түсіну қажет. Ол үшін, тағы қайталап айтайын, өмірлік тәжірибе қажет. Сондықтан — бұл шоу, менің оны қабылдамайтыным түсінікті. Егер спортшылар болса, олардың басқару тәжірибелері болуға тиіс. Ал қазіргі спортшылар спортпен айналысып елге септігін тигізе берсін", - деді ол журналистерге.

Ал Азат Перуашевтің бұған көзқарасы тәп-тәуір.

"Біріншіден, жұлдыздар — барлығы секілді олар да адамдар. Олардың азаматтық-конституциялық сайлау және сайлану құқығы бар.(…). Екінші жағынан, әрине парламент — жоғары заң шығарушы орган, онда жұмыс істейтін адамдар өз саласында білікті болуға тиіс", - деді Перуашев.

Оның пікірінше, жұлдыздар мәдениет, рухани дамыту саласына сұранысқа ие болады.

"Бірақ, менің ойымша, бүгінде негізгі сын-тегеуріндер экономика және нарық институтында. Сондықтан жұлдыздар — әрине бұл жақсы. Ол партияның беделін көтеруге, танымалдығын арттыруға көмектеседі, бірақ күнделікті ағымды жұмыс дегенмен экономикада. Бұл іс бұл салада жұмыс істеген адамдарға жақынырақ", - деп санайды Перуашев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1029757-eks-deputat-parlamentte-zhuldyzdy-dep.html