RU

Қарақат Әбілдина: Мәжіліс — шыға салып ән айтып кете беретін сахна емес

"Нұр Отан" партиясының XVII съездіне қатысқан танымал қазақстандық әнші Қарақат Әбілдина депутаттылыққа түскісі келетін жастарға қатысты өз ойын білдірді деп жазады munara.kz.

"Мен Қарағанды облысы бойынша съезге қатысуға шақырту алып, келіп отырмын. Жалпы ниетіміз — елбасыны, мемлекет саясатын қолдау. Тек ойлайтынымыз — еліміз бейбітшілікте, гүлдене берсін және Тәуелсіздігіміздің көк туы желбірей берсе дейміз. Алдағы өтетін сайлаудан күтерім, депутаттыққа өтетін әрбір адам еліміздегі ел игілігі үшін атқарылар әрбір істе, бағдарламаларды жүзеге асыру үшін өз саласының білікті маманы болса деймін. Аталған бағдарламалардың жүйелі түрде өзінің нәтижелі  жемісін беретініне сенемін", - дейді әнші.

Басылымның сайланатын депутаттардың арасынан жастарды көбірек көргіңіз келе ме деген сауалына Қарақат Әбілдина былай деп жауап қатты:

"Ия, көбірек көргім келеді. Бірақ жастардың келуіне менімше, жеңіл-желпі қарамай, салмақты түрде қарау керек шығар? Себебі, ол бір рет шыға салып ән айтып кете беретін сахна емес. Ой елегінен өткізіп, салихалы, саналы  түрде қарап, аса мән берген дұрыс", - деп ойын түйіндеді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1029772-qaraqat-abildina-mazhilis-shygha-saly.html