RU

Әзірбайжанда әйел өзін зорлағысы келген қайнағасын пышақтады

Әзірбайжан астанасы – Баку қаласында бір әйел өзін зорламақ болған қайнағасының тамағын пышақпен орып жіберді. Бұл туралы Minval.az порталына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Бұрнағы күні түнде қаланың Хатаин ауданындағы Туршу көшесінен белгісіз бір жағдайда тамағынан пышақ жарақатын алған Хокмали Фаталиев деген ер кісі табылды. Жүргіншілер оны №1 қалалық ауруханаға жеткізеді. Сол жерден бірден оған ота жасалады. Қазір ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.

Хатаин аудандық полиция басқармасы хабарлағандай, Х.Фаталиевтің тұрақты тұрағы болмаған, қаңғыбастық өмір салтын ұстанған.

Аудандық полиция басқармасы қызметкерлері жүргізген операция нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде 32 жастағы Айгюн Алекберова ұсталды. Тексеру барысында Х. Фаталиевтің өзіне жарақат салған А. Алекберованың күйеуіне туыс аға болып келетіні, яғни қайнағасы екені анықталды.

Оның айтуынша, мұның жалдамалы пәтеріне мас болып келген қайнағасы әйелді зорламақшы болған. Нәтижесінде тамағынан пышақ жарақатын алған.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1030022-azirbayzhanda-ayel-ozin-zorlaghysy-kel.html