RU

Жақында тараған Мәжіліс депутаттарының жартысынан көбі сайлау тізіміне енбей қалған

 

Жақында тараған Мәжіліс депутаттарының жартысынан көбі партиялық тізімге енбей қалған. Бұрынғы халық қалаулыларына басқа жұмыс іздеуге тура келеді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Билік партиясының тізімінде министр мен облыс әкімдерінің болуы доданың саяси салмағын арттыру үшін жасалғандай. Ал танымал әншілер мен әйгілі спортшылардың мәдени шараларға көбірек тартылатыны анық. Бірақ, олардың бәрі депутат болады деген сөз емес.

«Нұр Отан» жеңіске жеткен күннің өзінде, партияның саяси кеңесі 127 кандидаттың ішінен өздері іріктеу жүргізеді. Депутат болу бақыты бұйырмағандары резервке кетеді.

Ал өнер жұлдыздары сахнаны саясатқа ауыстыруға дайын. Тіпті белгілі әнші Қайрат Нұртас депутат бола қалса, қазақ тілі мен мәдениеттің мәселелерін көтермек.

Ал актер Нұржан Әлімжанов депутат болып сайланып жатса, айтары бар екенін жеткізді.

"Ерте ол. Қазір айтуға болмайды. Себебі мен әуелі өтіп алайын. Атқа қонып белді буып пісімілла деп әрине айтар ой бар", - деді актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1030164-zhaqynda-taraghan-mazhilis-deputattary.html