RU

Роналду "Реалға" Неймар келсе, клубтан кетуі мүмкін

Лионель Месси үш рет «Корольдік клуб» сапына өтуге шақырту алды. «Реал» «Барселонаның» мықтысын өзіне тартып алмақ.

Бір қызығы, Мессиге деген мұқтаждық, Криштиану Роналду клубтан кетем деген сайын, туындап отырады деп хабарлайды Астана.

Алғаш рет «Реал» аргентиналыққа 2011 жылы ұсыныс жасады. Соңғы шақыртуды Месси бір жыл бұрын алған.

Ал "Барселона" ойыншысы Неймар "Реалға" келуі мүмкін деген сыбыс тараған соң, Роналду оған қарсылығын білдіріп жатыр.

«Реалдың» қазіргі жағдайы мынадай: мадридтік клубтың президенті Флорентино Перес клуб ойыншыларына жазға дейін командадан кетуге рұқсат бермей отыр.

Айта өтейік, осы айдың басында Халықаралық футбол федерациясы мадридтік «Реалға» екі трансферлік кезеңге жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1030246-ronaldu-realgha-neymar-kelse-klubtan-k.html