RU

Назарбаев: Терең тыныс алып, долларды ұмытқан жөн

«Терең тыныс алып, долларды ұмытқан жөн». Президент Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындарды осыған шақырды.

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Президент теңгенің бағамын нарық өзі реттемесе, Қазақстан қандай күйге түсетінін түсіндірді. Парламентпен келісіп, жасанды түрде бір долларды бір теңгеге бағалауға болады. Бірақ одан қазақтар байымайды. Керісінше, Ұлттық қор тақырланады.

Экспорттаушы компаниялар табыстан қағылады. Олар басқарып отырған копаниялар жабылады. Тиісінше халық жұмыссыз қалады. Күнделікті тұтынатын тауарларды арзанға көршілерден таси бастаймыз. Қыл аяғы елде сауда-саттық жүрмейді. Қысқасы, экономика бәсекеге қабілетсіз болады, деді.

"Давайте остановимся, глубокий вдох сделаем и забудем про доллар, мы живем на тенге в Казахстане, покупаем, рассчитываемся за тенге", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент съезге дейін Астанадағы базарларды аралағанын айтты. Қымбатшылық қыспаққа алды деп, байбалам салу - негізсіз, дейді. Азық-түліктің едәуір арзан екенін айта кетті. Ол базардағы бағаны да тізіп шыққан болатын.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1030257-nazarbaev-terenh-tynys-alyp-dollardy-u.html