RU

Желіде мұсылмандардың бейітін қорлап суретке түскен шетелдік іздестіріліп жатыр (фото)

Бейітті қорлап суретке түскен шетелдік іздестіріліп жатыр. Шетелдіктің өрескел қылығы əлеуметтік желі қолданушыларының  наразылығын тудырды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Еуропа нәсілді азамат бейіт басына шығып тускен суретін əлеуметтік желіге салған. Желі қолданушыларының пікірінше бұл сурет батыс өңірінде түсірілген болуы мүмкін.

Шетелдіктің үстіндегі арнайы киімінен мұнайшы деген болжамдар жасалып жатыр. Бейітті қорлаған адам көпшіліктің ашуын туғызып,оған қатаң жаза қолдануды талап етіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1030487-zhelide-musylmandardynh-beyitin-qorla.html