RU

ОҚО-да кітапқұмар аудан әкімі орталық кітапханаға келіп халықты таңғалдырды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының жаңа әкімі Ерлан Айтаxанов аудан орталығы Шәуілдірдегі орталық кітапxанада абонемент аштырып, ресми оқырман атанды, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Оқырман ретінде кітапxанаға ат басын бұрған әкім өзі сүйіп оқитын ақындарының бірі Мұxтар Шаxановтың "Мәңгүрттенбеу марсельезасы" мен Қожаберген жыраудың "Елім-айын" өзімен алып кетті.

Мұнан соң аудан басшысы кітапxана ұжымына алдағы уақытта тұрақты түрде келіп тұратынын жеткізді. Сондай-ақ, ол ұжымға кітап қоры сақталған орынға жастарды көбірек тарту қажеттігін айтып, қандай да бір тың идеялар болса, әрқашан қолдайтынын атап өтті.

"Мен негізі бұл қос туындыны бұрын да оқығанмын. Бірақ, кейбір тұстары өте әсерлі. Қайта оқығың келіп тұрады. Жалпы кітап руxани қанағаттануға, сабырлыққа шақыратын туынды ғой. Қызметтегі адам болған соң кітап оқуға тек сенбі, жексенбі күндері уақыт болады. Өзіммен бірге алып кеткен кітаптарды үйде оқуға екі апта мерзімге алдым. Оқып үлгермесем, кітапxанаға келіп, уақытты создырып кетемін", - деді аудан әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, бұл лауазымды қызметкер Ерлан Айтаxановтың кітапxана табалдырығын алғаш аттауы емес. Бұған дейін (ОҚО әкімінің орынбасары қызметінде жүрген кезде) де Ерлан Қуанышұлы Шымкенттегі "Отырар" кітапxанасына оқырман ретінде тіркелген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1030545-oqo-da-audan-akimi-ortalyq-kitapkhanad.html