RU

Баян Есентаева сайлауға түсем деп елдің сөзіне қалған Дұғаловаға болысты

Продюсер Баян Есентаева мәжіліс депутаттарының сайлауына түсетін Жанар Дұғалованы жұрт алдында жақтап, шәкіртіне қолдау көрсетпек ниетте оған барын салып болысуда.

"Осыдан бір жыл бұрын Жанар мыңнан тұлпар болып озып шықты, себебі ол халықаралық аренада өз елінің мәртебесін қорғады. Ал бүгін сіздер оған бас салып жатырсыздар, ол бар болғаны Қазақстанның саяси өміріне атсалысқысы келеді", - деп жазды Есентаева Instagram парақшасында.

Продюсер Дұғалованың мұндай қадамға барғанын сынағандардың қатарында өзі бірінші болғанын мойындады.

"Иә, мен оның саяси өмірге араласуға тым жас екенін айтып, елден бұрын сын тақтым. Әйтсе де, Жанардың қабілетті екенін жақсы білемін. Бұл міндет те оның қолынан келетініне шүбә келтірмеймін. Адамды талпынысы үшін емес, қателігі үшін айыптау керек. Жанар, мақсатыңа жетесің, тек алға", - деп ойын түйіндеді продюсер.

Естеріңізге сала кетсек, бірер уақыт бұрын Баян Есентаева мәжіліс депутаттарының сайлауына түсетін Жанар Дұғалованың халық қалаулысы болу үшін түк бітірмегенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1030672-bayan-esentaeva-saylaugha-tusem-dep-eld.html