RU

ШҚО-да оқушыларға порнофильм көрсетті деген күдікпен мектеп мұғалімі жазаланды

ШҚО-ның Соловьево ауылының тұрғыны, мектеп меңгерушісі қызметін атқаратын мұғалім оқушлардың бірінің ауызына скотч жабыстырғаны үшін жазаға тартылды. Айыпталушының ұстаздық шені төмендетіліп, елді дүр сілкіндірген жайтты баяндаған оқушы қызбен оңаша сөйлескені үшін сөгіс жарияланды.

Махаббат Төлеутаева Соловьево ауылының орта мектебінде 1997 жылдан жұмыс істейді, деп хабарлайды YK-news.kz.  Дәл осы ұстаз 12 жасар Аня есімді оқушы қыздың айтуынша, балалардың ауызына скотч жабыстырып, музыка сабағында оқушыларға порновидео көрсеткен.

«Оқушы қыздың сөзінше, оқиға былай өрбіген: оқу істерінің меңгерушісі Махаббат Төлеутаева бір оқушының ауызына скотч жабыстырып, тағы да біреу сабақ үстінде сөйлеп отырса, скотч жабыстыратынын ескерткен», - дейді мектеп инспекторы Жанна Қасымжанова.

«Кейіннен мен Анядан порнография туралы сұрадым.  Ол маған бұл жайттың 2015 жылы ақпан айында орын алғанын айтты. Кабинетте интерактивті тақта бар, ноутбук соған жалғанады. Компьютер өзге мұғалімдікі болғандықтан, мектеп меңгерушісі Махаббат Төлеутаева компьютерде бір видеоны іздеймін деп, басқа папканы ашып жіберген. Оның ішінен адамның жыныс мүшелерінің суреті шықты. Сол кезде ұстаздың әлгі сыныпта оқитын ұлы "Мама, не қойылып кеткенін қара" деп айқайлап жіберген. Төлеутаева сасқалақтап 3-4 минут видеоны басқа нәрсеге ауыстырып жібермек болған. Сөйтіп балаларға қуыршақ театрының жазбасын қосып берген", - деп түсіндірді инспектор.

Осы жайттың арты жанжалға ұласып, тергеу істері жүргізілген. Нәтижесінде мектеп ұжымы мен балалар порнография фильмдерін көрмегенін алға тартып, мұғалімнің кінәсіздігін айтқан.

Атышулы оқиғадан соң, Махаббат Төлеутаеваның ұстаздық шені төмендетіліп, оған және мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1030738-shqo-da-oqushylargha-pornofilm-korsett.html