RU

Шалбарын шешкен саудиялық кеденшілерді қайран қалдырды

Сауд кеденшілері өздерінің жалақаны бекерден-бекер алып отырмағандарын кезекті мәрте көрсетті. Олар бұл жолы корольдік аумағына өзгеше жолмен спиртті ішімдіктер алып өтпек болған отандастарын ұстады.

Бұл туралы Time газетіне сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Корольдік азаматы алкогольді ішімдіктердің түр-түрін Бахрейннен алып келе жатқан. Ол бұларды ислам шариғатымен тыйым салынған Сауд Арабиясына қарай алып өтуге әрекет жасаған. Тәртіп бұзушы мұны әртүрлі шыныларды денесінің әр бөлігіне скотчпен тығыз бекітіп тастау арқылы жүзеге асырмақшы болған. Алайда, сақшылар оны дер кезінде тоқтата қойды. Ал шалбарын шешкізіп қараған кездерінде, онда көргендерінен көпті көріп жүрген кеденшілердің өзі қатты қайран қалды.

Айран-асыр болған Саудия кеденшілері екі аяққа таңылған тура 14 бөтелке алкогольді ішімдікті алып шығарды. Олар соңында бұл шишаларды түгел тәркілеп алып қана қоя салған жоқ, сонымен бірге осыншалықты дәрежеде тәртіп бұзған азаматтың үстінен хаттама толтырды. Ең ақырында «қаһарманның» осы масқара болып тұрған суретін әлеуметттің желіге салып қойды.

Айта кету керек, Сауд Арабиясына көрші Бахрейннен спиртті ішімдік әкелушілердің жолдарын жергілікті шекарашылар үнемі кесіп келеді. Бірақ екі елдің шекарасында мынадай мөлшерде және мынадай тәсілмен алып өтуге әрекет етіп, ұсталушы бірінші рет кездесіп отыр екен.

Исламда алкогольді өндіру, пайдалану, сату, тасымалдау әрекеттерінің барлығына қатаң тыйым салынған. Корольдікте мұндай тәртіп бұзушылық дүре соғу немесе түрмеде отыру жазаларына кесіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1031022-shalbaryn-sheshken-saudiyalyq-kedenshile.html