RU

Роза Рымбаеваның стилі әр жылдары қалай өзгерді (фото)

Қазақ эстрадасының примадоннасы Роза Рымбаева қырық жыл бойы стилін аса өзгерте қойған жоқ. Әртістің шаш үлгісі де, үлбіреген сахналық көйлектері де, күлкісі де бүгінге дейін сол қалпында. Десек те, кейде келбетін өзгертуде әнші біршама қадамдар жасағаны анық. NUR.KZ Comode.kz-ке сілтеме жасай отырып, Роза Рымбаеваның әр жылдары стилі қалай өзгергенін еске салады.

Кеңес кезеңінде Роза Рымбаева қара шашты, зор дауысты талдырмаш қыз болатын.

Рымбаева «Арай» ансамблінің әншісі болған кезде шаш үлгісін  толық пішінді етіп өзгертті.

Кейінірек әнші қолаң шашын қысқартып, көзін көк, жасыл бояумен бояп сахнаға шықты.

80-жылдардың ортасында сән әлемінде диско ағымы өмірге келді. Роза Рымбаева да шашын бұйралап, сән әлемінен тыс қалмады.

Рымбаева біршама уақыт  шашын өсіріп, белге дейін түсірді. Әйтсе де, бұған бойы үйренбеген әнші қысқа шаш үлгісіне қайта оралды.

Роза Рымбаева қызыл түсті көйлек кигенді аса ұнатады. Әншінің киімдерінің дені қызыл түстен тігіледі.

Бірде арнайы фотосессия үшін рок стилінде киінген Рымбаева тыңдарманын таңқалдырған болатын. Алайда әнші сахнада да, өмірде де ұстамды киінгенді жөн көреді.

40 жыл сахнада өнер көрсетіп жүрген Рымбаева шашының түсін де көп өзгертпеген. Тек кейде ғана қара түсін қоңыр түске бояған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1031120-roza-rymbaevanynh-stili-ar-zhyldary-qal.html