RU

Ұлттық банк айырбас нүктелеріндегі долларды сату мен сатып алудың айырмашылығын ұлғайтты

Ұлттық банктің қаулысына сәйкес, 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап шетелдік валюталарды сату мен сатып алудағы ауытқу шегінің көлемі ұлғайды. Енді, долларды айырбастау нүктелері – 6 теңге айырмашылықта, ал еуроны -7 теңге ауытқу шегінде сатып ала алады.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың желтоқсанында ҚР Ұлттық банкі долларды сатып алу мен сатудың ауытқу шегі 6 теңгеге дейін ұлғаятын қаулыны қабылдаған болатын.

"№257 құжат бойынша, "Уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау нүктелері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері:

1) АҚШ доллары үшін - 6 теңге;

2) еуро үшін - 7 теңге болып белгіленсін", - делінген.

KASE қор биржасындағы бүгінгі сауданың қорытындысы бойынша, доллардың бағамы 361,42 теңгеге тең болғанымен, ақша айырбастау нүктелерінде 357 теңгемен 363 теңге арасында ауытқып тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1031136-ulttyq-bank-ayyrbas-nuktelerindegi-d.html