RU

Обама мұсылмандарға қолдау көрсету үшін мешітке бармақ

Алдағы сәрсенбі күні АҚШ президенті Барак Обама Балтимордағы мешікте бармақшы. Бұл туралы «Ақ үйдің» мәлімдемесіне сүйеніп bbc хабарлайды деп жазады baq.kz.

Обаманың мешітке барудағы мақсаты - қоғамда мұсылмандарға қарсы науқан күшейіп тұрған кезде оларға қолдау көрсету. Президент сондай-ақ, ислам ұйымдарының басшыларымен келіссөз жүргізуді жоспарлауда. Сонымен қатар, дін ұстану бостандығы мен жалған сенімде болуға жол берілмейтіні туралы əңгіме қылды.

Бұған дейін Республика партиясының мүшесі, АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп мұсылмандарды Америкаға кіргізуге қарсы болып, оларды тоқтатуға үндеген. Оның пікірінше, мұсылмандар АҚШ-ты жақсы көрмейді және сол үшін мемлекетке зиян келтіруі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1031294-obama-musylmandar-qoldau-korsetu-ushi.html