RU

Британияда сұғанақ бір уақытта 38 смартфонды қағып түсірді

Техника дамып, «кірпіш» телефондар дәуірі артта қалғаннан бері шағын компьютерге айналған смартфондар сұғанақ қолды ұрылардың күнделікті мақсатына айналған деп жазады 24.kz.

Тіпті гаджеттердің пароль арқылы «құлыпқа қойылуы» оларды қолды болу қаупінен құтқармай тұр. Британияда өткен рок-концерт барысында сұғанақ қолды ұры бір уақытта 38 смартфонды қағып түскен.

Полицейлер ұры мен оның сыбайласын шалбарлары шектен тыс томпиып, шешіліп кеткелі тұрған жерінен танып, ұстап алған.

«Концертке халықтың үйіліп-төгіліп жиналуы ұрылар үшін жеңіл және көп олжаға жол ашады. Біз оларды бірден ұстауға барымызды саламыз. Бірақ, халықтың да мұндай шаралар кезінде сақ болғаны жөн», – деп атап өтті полиция инспекторы Гарет Моррис.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1031306-britaniyada-sughanaq-bir-uaqytta-38-smart.html