RU

Мәскеуде 12 мигрантпен бірге нәресте тірідей жанып кетті

Мәскеудің шығыс жағында орын алған өрттің салдарынан 12 адам қаза тапты. Олардың арасында 1 нәресте бар. Бұл туралы LifeNews телеарнасының дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

Қайғылы оқиға 30 қаңтар күні кешке Стромынка көшесі бойында орналасқан тігін цехында орын алған. Мұнда лапылдап жанған өрт жалынын тек келесі күні ғана басудың орайы келген. Ал ғимараттың төмендегі өжіресінен қаза тапқан 12 адамның денелері шығарылды. Олардың біреуі кішкентай бөбек болып шықты

Хабарланғандай, бұл үйде Орталық Азия елдерінен келген мигранттар тұрған.

Өрттің шығуына байланысты алдын ала болжам бойынша, оның әдейі қолдан жасалғаны айтылып отыр. Телеарнаның мәліметі бойынша, төтенше жағдай орын алған жерде жұмыс жасаған құқық қорғаушылар бірнеше жерде өрттің ошағы болғанын мәлімдеген.

ТАСС жанып кеткен ғимараттың жеке адамның иелігінде болғанын анықтады. Бірақ оның егесі кім екені айтылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1031328-maskeude-12-migrantpen-birge-nareste-ti.html